logo

«Аякс» Кубок үшін кек қайтаруға дайын ба? «Аякс» – АЗ матчы тікелей эфирде

«Аякс» Кубок үшін кек қайтаруға дайын ба? «Аякс» – АЗ матчы тікелей эфирде

Амстердамдық «Аякс» Эредивизидегі керемет жеңісті сериясын жалғастырып, турнир кестесінде көш бастап келеді. Команда қатарынан 10 матчта жеңіске жетіп, ПСВ-дан 5 ұпайға озып тұр. Бүгін бұл айырмашылық 8 ұпайға дейін ұлғаюы мүмкін.

Алайда «Аякстың» Эредивизидегі соңғы жеңілісі дәл осы АЗ-ға қарсы өткен желтоқсандағы матчта (2:1) болды. Бұған қоса, Алкмаар клубы Нидерланд кубогында да амстердамдықтарды 2:0 есебімен жарыстан шығарған болатын.

Енді жаңа текетірес 16 наурыз күні, 20:45–те өтеді. Матчтың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыз.