Еуропа лигасындағы сәтсіздік үшін өтемақы. «Фенербахче» – «Самсунспор» матчы тікелей эфирде

«Фенербахче» Еуропа лигасынан өкінішті түрде шығып қалды. Команда шотландиялық «Рейнджерспен» өткен матчта пенальти сериясында жеңіліп, турнирмен қоштасты.
Енді Жозе Моуриньо шәкірттері барлық күшін ішкі біріншілік пен ел кубогына бағыттайды. Суперлигада өз алаңындағы ойындарда команда керемет нәтиже көрсетуде: 12 матчтың 11-інде жеңіске жетті.
Алайда бұл жолы Стамбулға чемпионаттың үшінші командасы — «Самсунспор» келеді. Дегенмен, «Самсунспор» тарихында әлі бірде-бір рет «Фенербахчені» сырт алаңда жеңе алған емес.
Қорғаныста берік ойын көрсетіп келген «Самсунспор» ұзақ уақыт бойы лиганың ең аз гол жіберген командасы болды. Бірақ соңғы үш матчта олар өз қақпасына 7 гол жіберіп алды, оның ішінде екеуі турнир кестесінің соңғы орнында тұрған және теріс ұпай көрсеткіші бар «Аданадан» келген.
Алғашқы айналымда командалар 2:2 есебімен тең түсті.
Жаңа кездесу 16 наурыз күні, 22:30–да өтеді. Матчты Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыз.