logo

«Фейеноорд» сырт алаңда «Твентені» ойсырата жеңді (видео)

«Фейеноорд» сырт алаңда «Твентені» ойсырата жеңді (видео)

«Фейеноорд» Нидерланд чемпионатының 26-тур аясында сырт алаңда «Твентені» 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.  

Қожайындар сапында Эредивизидің үздік сұрмергені Сем Стейн дубль авторы атанды. Ал қонақтар қатарында Игор Пайшао хет-трик жасап, Аясе Уэда дубльмен көзге түсті, тағы бір голды Аймен Слити соқты.  

Бұл жеңістің арқасында «Фейеноорд» алғашқы үштікті түйіндеп тұрған «Утрехтке» жақындай түсті.