logo

Қола үшін күрес! «Твенте» – «Фейеноорд» матчының тікелей эфирі

Қола үшін күрес! «Твенте» – «Фейеноорд» матчының тікелей эфирі

«Фейеноорд» барлық күш-жігерін салғанымен, «Интерге» қарсы матчта жеңіліске ұшырап, Нидерланд өкілдері ширек финалға өте алмады. Енді олар «Твентемен» бірге Эредивизиде қола жүлде үшін күреске толықтай көңіл бөле алады.  

Қазіргі таңда турнир кестесінде төртінші орында тұрған «Твенте» «Фейеноордқа» қарсы ойынға Эредивизидегі алты матчтық жеңіліссіз сериясымен келеді. Команда 46 ұпай жинап, үздік сұрмерген Сем Стейннің 20 голымен ерекшеленіп отыр.  

Ал «Фейеноорд» ПСВ-дан жеңілгеннен кейін төрт матчта екі жеңіс пен екі тең нәтижеге қол жеткізді. Алайда бұл кезеңде олардың басты назары Чемпиондар лигасының 1/8 финалына бағытталған болатын. Енді үшінші орынға талас тек басты мақсат қана емес, жанкүйерлер алдындағы белгілі бір деңгейдегі қайта дәлелдеу мүмкіндігіне айналуы мүмкін.  

Алғашқы айналымда «Фейеноорд» өз алаңында «Твентені» жеңген болатын.

Қарымта кездесу 16 наурыз күні жергілікті уақытпен 18:30–да өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.