Айымбетов Түркия Суперлигасында кезекті голын соқты
Түркия Суперлигасы аясында «Адана Демирспор» өз алаңындағы кездесуде «Қасымпашадан» 3:5 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Sport+.
«Адана» соққан үш голдың біреуін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов соқты.
Абат үшін бұл Түркия Суперлигасының 2024/25 маусымындағы төртінші голы.