Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы «Тараз» командасының спорттық директоры атанды
Ұлан Қонысбаев «Тараз» футбол клубының спорттық директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ тараздық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлан Әбиірбекұлы 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы «Жамбыл» командасында бастаған.
Әр жылдары «Тараз», «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Спорттық ғұмырындағы 300 аса кездесуде 40 жуық голдың авторы болды.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік ойыншысы» атанған. Ел чемпионы, кубок және Суперкубок иегері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram