logo

Ресейде ойнаған африкандық футболшы «Қызылжарға» ауысады

Ресейде ойнаған африкандық футболшы «Қызылжарға» ауысады

22 жастағы ивуарлық шабуылшы Нене Гбамбле петропавлдық «Қызылжарға» ауысады, деп хабарлайды Sport+ «ФНЛ с Ильевым» телеграм-каналына сілтеме жасап.

«Менің деректерім бойынша, Нене Гбамбле мансабын Қазақстанда жалғастырады. Жақын арада ол жаңа клубқа қосылады. Оның қолында екі ұсыныс бар, бірақ жоғары ықтималдықпен ол «Қызылжар» футбол командасының құрамын толықтырады.

Бұрын хабарланғандай, 22 жастағы вингер ресейлік «Шинниктен» (бұл командада жалдада болды) кетіп, содан кейін ол «Торпедомен» келісімшартын бұзды», — деп жазады дереккөз.