logo

Әділет Барменқұлов Ұлттар лигасындағы басты мақсатты атады

Әділет Барменқұлов Ұлттар лигасындағы басты мақсатты атады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке Ұлттар лигасының B лигасында қалу міндетін жүктегенін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Станислав Саламовичке қойып отырған міндетім – ең болмағанда B лигасында қалу. Бірақ біздің батылдық пен амбицияларымыз А лигасына шығуға мүмкіндік беріп тұрса, неге бұған ұмтылмасқа?» .

Қазақстан құрамасы өткен аптада Ұлттар лигасындағы үйдегі матчта Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Ал дүйсенбі күні сырт алаңда Словениядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Екі турдан кейін қазақстандықтар 3-топта соңғы орында тұр.

Қазан айында Қазақстан құрамасы Австрия және Словения командаларымен кездеседі.