Айбар Жақсылықов құрама сапында мерейтойлық ойынын өткізді
«Қайсар» және Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов ұлттық команда сапындағы мерейтойлық ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Айбар УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турында Словенияға қарсы матчта (0:3) 76-минутта алмастыруға шықты. Осылайша, Жақсылықов Қазақстан құрамасының жейдесінде 10-шы рет ойын өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайсардың» шабуылшысы ұлттық құрамадағы дебютін 2020 жылдың қазан айында Албанияға қарсы үйдегі ойында жасаған болатын. Алайда, 10 ойын ішінде Жақсылықов гол соға алған жоқ.