logo

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Румыниядан кетті

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Румыниядан кетті

Румыниялық «Сепси» клубы Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторкпен келісімшартты екіжақты келісім негізінде тоқтатты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

61 жастағы неміс маманы «Сепсидің» бас бапкері қызметіне өткен жылдың қараша айының соңында кіріскен болатын. Оның командасы 32 матчта 10 жеңіске жетіп, 8 рет тең ойнап, 12 жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, Бернд Шторк 2008-2011 жылдары Қазақстанда жұмыс істеп, «Алма-Ата» мен «Цеснаны» жаттықтырды, сондай-ақ Қазақстанның жастар (U-19, U-21) және ұлттық құрамаларының бапкері болды.



Күн шежіресі