logo

Станислав Черчесов: Әбікеннің келесі ойынға дейін бір ай уақыты бар, сол аралықта ол өзінің қателігін түсінуі тиіс

Станислав Черчесов: Әбікеннің келесі ойынға дейін бір ай уақыты бар, сол аралықта ол өзінің қателігін түсінуі тиіс

Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында Қазақстан құрамының бас бапкері Станислав Черчесов жартылай қорғаушы Айбол Әбікеннің ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әбікенде өсу потенциалы бар. Мен оны байқай алдым. Екі жылдық футболдан шеттетілу әр футболшыға оңайға соқпасы анық. Оның Норвегияға қарсы кездесуде қорғанысқа қайтпай, кей сәттерде допқа соңына дейін таласпай қалғаны мен үшін үлкен мәселе емес. Бірақ оның төреші ысқырығынан кейін допты теуіп жіберіп, сары қағаз алуы менің ойымда сұрақ туғызды. Осы жағдайды мен Әбікенге ескерткен жоқпын. Оның бір ай уақыты бар. Сол аралықта ол өзінің қателігін түсінуі тиіс. Норвегияға қарсы матчтан кейін Айбол жігерленіп, құрама мүддесі үшін аянып қалмайтынына сенімдімін», — деді тәжірибелі бапкер.

Алматыдағы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Норвегия құрамасына қарсы ойында Әбікен екінші таймда Рамазан Оразовты алмастырып алаңға кірді.