Жас қазақстандық КХЛ-да дебют жасады

Жас қазақстандық КХЛ-да дебют жасады

Континенттік хоккей лигасындағы «Барыс» — «Сібір» матчында 19 жастағы Дамир Бритиков дебют жасады, деп хабарлайды Sport+.

Жас қорғаушы мұз айдынында көп уақыт өткізген жоқ — бір минутқа да жетпеді. Дегенмен оның КХЛ-дағы ресми дебюті өтті.

Бұған дейін Бритиков «Снежные Барсы» сапында өнер көрсетіп, өткен маусымда МХЛ-да 36 матч өткізді. Оның еншісінде бір шайба және алты нәтижелі пас бар.