«Барыста» құрамды күшейту туралы айтылып, маусымға қойылған мақсат аталды

«Барыста» құрамды күшейту туралы айтылып, маусымға қойылған мақсат аталды

«Барыс» бас бапкері Михаил Кравец баспасөз мәслихатында команданың құрамын күшейту және алдағы маусымға қойылған мақсаттар туралы айтты, деп хабарлайды Sport+.

— Сәкен Жүнісбекұлы Мусайбековтің зор еңбегінің арқасында құрамымызды күшейтіп, бюджетімізге сай ойыншыларды таңдадық. Мен бұған дейін де айтқанмын, бізге тағы бір қорғаушы жетіспейді. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Кез келген жарақат біз үшін ауыр тиеді. Бұл — біздің негізгі мәселеміз. Егер жарақаттар аз болса, біздің команда бар, төрт мықты буынымыз және қақпашылар құрамымыз жақсы деңгейде. Әр ойынға қоятын мақсатымыз — жеңіске жету. Жалпы алғанда, әрине, плей-оффқа шығу. Басқа нұсқа жоқ, — деді Михаил Кравец.



Күн шежіресі