«Барыс» Уфадағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Башқұртстан Республикасы кубогы аясында «Барыс» соңғы матчын өткізіп, Тольяттидің «Лада» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу Қазақстан командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Ансар Шайхмедденов пен Семен Симонов шайба соқты.