ATP 250: Циципас — Басилашвили жартылай финалдық кездесуінің тікелей эфирі
Алматыда өтіп жатқан Almaty Open турнирі шешуші кезеңіне жақындады. 24 қазанда ATP 250 санатындағы жарыстың жартылай финалдық кездесулері өтеді.
Алғашқы жартылай финалда турнирде жетінші нөмірмен тіркелген Стефанос Циципас пен Николоз Басилашвили өзара күш сынасады.
Циципас жарыстың екінші айналымында қазақстандық Михаил Кукушкинді жеңген болатын. Ал Басилашвили турнирдегі жолын іріктеу кезеңінен бастап, жартылай финалға дейін жетті.
Кездесу сағат 15:00–де басталады.
Матчты Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.