«Барыс» маусымды ірі жеңіспен бастады

«Барыс» маусымды ірі жеңіспен бастады

«Барыс» хоккей клубы КХЛ-дағы маусымын өз алаңында «Сибирьге» қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу 7:1 есебімен аяқталды. Астаналықтар сапында Джастин Бэйли дубль жасаса, Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан, Семен Симонов, Чейз Приски және Гарретт Пилон бір-бір шайбадан соқты.

«Барыс» келесі матчын да өз алаңында өткізеді. 9 қыркүйекте астаналық клуб «Салават Юлаевпен» кездеседі.



Күн шежіресі