Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бойынша спорттық жарыстардың түрлері бекітілді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық жарыстары ресми түрде бекітілгені белгілі болды. Олар Астанада 2024 жылдың 8-14 қыркүйегінде өтеді, деп хабарлайдыъ Sport Plus Qazaqstan.
Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары спорттың ең мықты 20 түрін анықтайды.
Асық ату, Ордо, арқан тарту, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, күрес (қазақ күресі), алыш, ашыртмалы аба гүреши, ссирым, мас-рестлинг, Powerful nomad (мықтылар сайысы), тоғызқұмалақ, мангала, овари, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, бүркіттермен аң аулау.
Сондай-ақ, спорттың көрме түрлері бойынша 10 жарыс өткізу жоспарланған.
Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана Арена» стадионында өтеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. 2014, 2016 және 2018 жылдары төртінші Дүниежүзілік ойындар Шолпан-Атада (Қырғызстан), ал 2022 жылы төртінші Дүниежүзілік ойындар Изникте (Түркия) өтті.