logo

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тоғызқұмалақтан ел намысын кімдер қорғайды?

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында тоғызқұмалақтан ел намысын кімдер қорғайды?

2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төл ойынымыз – тоғызқұмалақтан ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы ел чемпионатының іріктеуі негізінде жасақталады. Байрақты чемпионаттың классика түрінде 1-2 орын алған спортшылар тікелей ел намысын көшпенділер ойынында қорғайды.

Қазіргі кезде Қазақстан Чемпионаты өз мәресіне жетті. Ерлер арасынан Бексұлтан Бостандықов (Қызылорда), Асылхан Қожанәсіп (Қарағанды), әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы (Ақтөбе) және Әсел Далиева (Түркістан) осы ойындарға жолдама алды. 



Күн шежіресі