logo

Украина құрамасының ойыншылары Румыниядан жеңілгеннен кейін бас бапкерді «қуып жіберді»

Украина құрамасының ойыншылары Румыниядан жеңілгеннен кейін бас бапкерді «қуып жіберді»
 

Украина ұлттық құрамасының футболшылары бас бапкер Сергей Ребровты Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің 1-турында Румыниядан (0:3) жеңілгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеден шығуын сұрады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойыншылар бұл жеңілістен кейін бапкерсіз әңгімелесуді шешті.

Айта кетейік, Румыния және Украина ұлттық құрамалары Еуро-2024 Е тобында өнер көрсетеді. Топтық кезеңдегі қарсыластары — Бельгия және Словакия құрамалары.

Келесі матчта Украина құрамасы Словакиямен кездеседі, ал Румыния Бельгиямен матч өткізеді.