logo

Андрей Шевченко Украина футбол қауымдастығының басшысы болды

Андрей Шевченко Украина футбол қауымдастығының басшысы болды

Украина құрамасының бұрыншы шабуылшысы әрі бас бапкері Андрей Шевченко Украина футбол қауымдастығының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Киевте өткен сайлауда Шевченко бұл қызметке жалғыз үміткер болды. Бұған дейін қауымдастықты басқарған Андрей Павелко қаражат жымқырды деген күдікпен 2023 жылы ұйымнан аластатылған еді.

Андрей Шевченко 47 жаста. Ол 2016-2021 жылдар аралығында Украина құрамасының бас бапкері атанды. Шевченконың жетекшілігімен футболшылар 2021 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алып, ширек финалға жеткен болатын.

Шевченко киевтік «Динамоның» түлегі. Сондай-ақ, ол «Челси», «Милан» клубтары сапында топ теуіп, 2003 жылы Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.