UFC Қазақстанда турнир жоспарлап отыр
Аралас жекпе-жектен әлемнің ең мықты лигасы UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр, бұл туралы Лиганың вице-президенті Дэйв Шоу Абу-Дабидегі турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Сауд Арабиясымен жүргізілген эксперименттен кейін біз осы аймақтағы келесі елдер — Бахрейн мен Иордания, ал Еуразияда — Қазақстан, Грузия және Әзірбайжан жаңа турнирлерді өткізуді зерттеп, баға береміз. Біз зерттеп жатқан көптеген мүмкіндіктер бар, бірақ мен бүгін барлық мәліметтерді аша алмаймын», — деді Шоу.
Айта кететіні, UFC 2020 жылдың жазында өз жарысын Қазақстанда өтікізуді жоспарлаған еді, алайда короновирус кесірінен бұл ой жүзеге аспады.