logo

Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа қарсыласы білгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі жаңа қарсыласы білгілі болды

UFC рейтингінің 10-шы нөмірі бразилиялық жауынгер Матеус Николау (19-4-1) қазақстандық Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы атанады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Sport Kor парақшасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Николау UFC лигасының ең жеңіл салмағында 10-шы орында тұр. Ол UFC-де 6 жекпе-жек өттізді. Соңғы екі жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді.

Асу Алмабаев аталмыш рейтингтің 15-ші орнында орналасқан. Қазақстандық жауынгер UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарын жеңді. Жалпы Алмабаевтың рекорды 16 жеңісті құрайды. 2017 жылдың сәуірінен бастап Асу бірде-бір жекпе-жекте ұтылған жоқ.



Күн шежіресі