logo

Шавкат Рахмонов қиынға соққан жекпе-жегін атады

Шавкат Рахмонов қиынға соққан жекпе-жегін атады

Орта салмақтағы аралас жекпе жек файтері Шавкат Рахмонов UFC аясындағы ең қиын жекпе-жегі қайсы екенін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan MMA.Metaratings.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

 «UFC-дегі ең қиын қарсылас? Джефф Нилмен кездесу қиындау болды. Екеуміз де жақсы жұмыс істеп, екеуміз де бір бірімізді аямадық», — деді Рахмонов Gorilla Fighting YouTube-арнасына сұхбатта.

Рахмонов пен Нил 2023 жылдың наурыз айында UFC 285 турнирінде кезедскен. Үшінші раундта тоқталыған бұл жекпе жекте Шавкат сабмишнмен жеңіске жеткен. Қазақ спортшының еншісінде 18 жеңіс және бірде бір жеңіліс жоқ. Нил болса 15 рет жеңіп, алты рет жеңілген.



Күн шежіресі