logo

Мария Агапова ММА-дағы мансабын аяқтауды жоспарламайды

Мария Агапова ММА-дағы мансабын аяқтауды жоспарламайды

Казахстандық ең жеңіл салмақтағы ММА жауынгері Мария Агапова әлеуметтік желілерде UFC-ден шығарылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«UFC-де жекпе-жектерге қатысқаныма үлкен рахмет. Промоушенде күресу үлкен қуаныш болды. Бонус ұтып алған сәттер өмірімдегі ең керемет сәттерге айналды. Мен жекпе-жектерімді жалғастырамын және сол сияқты ерекше сәттерді қайта сеземін деп үміттенемін», – деп жазды Агапова.

27 жастағы Агапова соңғы рет октагонға 2024 жылдың шілдесінде UFC on ESPN 59 турнирінде шығып, Луанна Сантосқа бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіліп қалды. Жалпы, UFC-де Мария алты жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде жеңіліске ұшырады. Аралас жекпе-жек өнерінде оның есебінде он жеңіс және бес жеңіліс бар.