Турлов Қазақстан құрамасына жеңіс үшін қомақты сыйақы уәде етті
 
                                            Миллиардер Тимур Турлов Қазақстан құрамасына Грекияны жеңгені үшін 100 млн теңге ($222 мың) сыйақы уәде етті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Forbes-ке сілтеме жасап.
Греция - Қазақстан матчы наурыздың 21-нен 22-не қараған түні өтеді. Ойынның жеңімпазы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф финалында Грузия - Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі.
 
    