Әділет Барменқұлов: Ұлттар Лигасындағы келер маусым аса қызықты өтеді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов 2024/2025 Ұлттар Лигасының жеребесі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Ұлттар Лигасында Словения, Австрия және Норвегиямен кездесеміз. Келер маусым аса қызықты өтеді, ол сөзсіз. Былтыр кез келген қарсыласпен ткң дәрежеде ойнай алатынымызды көрсеттік. Сондықтан, біздің ойыншылар жанкүйерлердің қолдауымен кез келген ойында жетістікке жете алады деп ойлаймын, - деп жазды Барменқұлов өз Instagram парақшасында.
Алдағы Ұлттар Лигасында Қазақстан В дивизионында өнер көрсетеді. Қазақстаннан бөлек В3 тобына Австрия, Норвегия және Словения да түсті.