logo

Қазақстан құрамасы Түркияда жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан құрамасы Түркияда жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар Лигасының плей-офф ойындары қарсаңында Түркияда жолдастық ойын өткізу жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті.

«Наурыз айында өтетін ойындарға жақсы дайындалу керек. Біз жоспар құрдық. Барлық клубтар ұлттық құрамаға қарсы қадам жасап, аталмыш жоспарды қабылдайды деген үміттемін. Біз ақпан айында жолдастық ойын өткізіп, Түркияда құраманы жинағымыз келеді. Жігіттермен жұмыс жасау үшін кем дегенде бір апта қажет», – деді Адиев «QAZSPOR» телеарнасына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы «С» жолындағы УЕФА Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңіндегі жартылай финалдық ойыны 2024 жылдың 21 наурызында жоспарланған.

Қазақстан құрамасы финалға шыққан жағдайда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталмыш финалдық матч 2024 жылдың 26 наурызында өтеді.