logo

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

Футболдан Қазақстан құрамасы бүгін Грекияға аттанады

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары толық құрамда жиналды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ел құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Грекияға қарсы ойынға 19 наурызда аттанады.

Оқу-жаттығу жиынына соңғы болып Ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп қосылды.

Қорғаушы 2018 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 30 кездесуге қатысты. Әзірге қарсыластар қақпасына гол соға алған жоқ.



Күн шежіресі