Василиос Карагунис: Грекия құрамасы біртұтас болып қорғанады және алаңдағы әрбір сантиметр үшін күреседі
Қазақстан чемпионатында алғаш грек футболшысының бірі атанған «Жеңістің» жартылай қорғаушысы Василиос Карагунис Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мансабындағы жаңа кезең туралы айтып, біздің елдегі достарына қатысты әңгіме қозады және Грекия ұлттық құрамасының басты қасиеттері туралы пікір білдірді.
– Василиос, алдымен «Жеңіске» ауысқаныңызбен құттықтаймын. Өз сезімдеріңізбен бөлісіп кетсеңіз?
– «Жеңіске» қосылғаныма өте қуаныштымын және маған бұл мүмкіндіктің берілгеніне ризамын! Команда мені жылы қарсы алды, өзімді үйдегідей сезіндім, сол үшін рақмет айтамын.
– «Астанамен» матч туралы пікіріңізді білдіре аласыз ба? Ойынды және өз дебютіңізді қалай бағалайсыз?
– Бізді өте сапалы ойыншылары бар команда күтіп тұрғанын білдік, бірақ өз қателіктерімізден екі гол жібердік. Ойында жақсы сәттер болды, гол соғу мүмкіндіктеріміз болды, бірақ өкінішке орай, оларды іске асыра алмадық. Біз жақында құрылған командамыз және біздің мақсаттарымызға жету үшін тынбай еңбек етіп жатырмыз.
– Қазақстанға келер алдында еліміз бен чемпионат туралы қандай ақпарат болды?
– Мен чемпионат туралы бұрынғы командаласым (Магомед Парагульгов, - автор) және Қазақстанда жұмыс істейтін физикалық даярлық бойынша бапкер арқылы білдім. Бұл физикалық тұрғыдан және сапалы ойыншылары бар күшті лига, сондай-ақ еурокубоктарда ойнау мүмкіндігі жарысты тағы да тартымды етеді. Бапкерлер штабы туралы айтатын болсақ, біз Грузия чемпионатында өнер көрсеткен кезден бір-бірімізді білеміз.
– Сіз, мүмкін, «Жеңіс» бұрын өте мықты команда болғанын және бірнеше рет чемпионатты жеңіп алғанын білетін шығарсыз. Маусым соңына дейін команданың алдына қандай мақсаттар қойылды?
– Күн сайын мен «Жеңістің» мағынасы мен тарихына тереңірек ендім. Біз білетініміздей, бұл жетістікке жеткен және өз тарихы бар команда, осының бәрі бізге «Жеңісті» қолдап, жанкүйер ететін әркімге, клуб тарихына, жанкүйерлерге және қалаға қуаныш сыйлау үшін маусымға мотивация береді!
- Сіз және Яннис Масурас («Астана» футболшысы, - автор) – чемпионат тарихындағы алғашқы грек легионерлерісіздер. Бұрын Янниспен таныс болдыңыз ба?
– Иә, Янниспен таныс едім, біз Грекия чемпионатында бір-бірімізге қарсы ойнағанбыз. Бірақ біздің Казақстан чемпионатында алғашқы гректер екенімізді білмедім. Тағы да көп гректердің осында ойнауға келіп, Казахстан футболы мен мәдениетімен танысқанын қалаймын.
– «Эрмисте» пен «Торпедо» Кутаисиде Магомед Паргульговпен бірге ойнағаныңызды білеміз. Қазақстанға келер алдында одан кеңес алдыңыз ба?
- Біз бір командада ойнағанда, ол әрқашан Қазақстан туралы айтып отыратын. Сіздің ал қандай әдемі ел екенін және сол жерде сәл суық болатынын айтатын (күледі). Біз Түркиядағы оқу-жаттығу кезінде бір қонақ үйде болып, әңгімелестік.
– Сіз мансабыңызды италияындық «Удинезе» жастар командасының құрамында бастадыңыз. Сол кезде сіз Петр Зеленски («Наполи»), Иван Проведель («Лацио») және Столе Димитревскимен («Райо Вальекано») бірге ойнадыңыз. Осыншама жылдан кейін олармен байланыста қалдыңыз ба?
- Иә, футболда сен неше түрлі адамдармен танысасың, кейбіреулерімен достасып та жатасың, және мен олардың өз командаларында ойнап, жетістікке жеткенін көргеніме қуаныштымын.
– Италиядан кейін сіз Грузия, Греция және Кипрде ойнап үлгердіңіз. Инфрақұрылым және жалпы футбол деңгейі жағынан сізге қай жерде көбірек ұнады?
– Италия деңгейі барлық аспектілер бойынша өте жоғары, бұл оны әлемдегі ең үздік лигалардың бірі етеді. Алайда, әрбір елде нағыз таланттар бар, айырмашылық тек оларды дамыту және оларға берілетін кәсіби білімде.
– Наурызда Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңінде сізге жақын Греция құрамасымен кездеседі. Бұл ойын туралы не айта аласыз? Өзіңіздің құрамаңыздың жақсы және әлсіз жақтарын атай аласыз ба?
– Қазіргі таңда Греция – өте жақсы біріккен команда, құрамда жоғары лигаларда ойнайтын сапалы ойыншылары бар. Іріктеу кезеңінде олар өздерін мықты команда ретінде көрсетті. Олар біртұтас болып қорғанады және алаңдағы әрбір сантиметр үшін күреседі, қарсылас қақпасы қасында олар өте қауіпті бола алады.
– Қазақстаннан жеңілу Греция үшін ұят болады ма? Ақырында, біз Еуропа чемпиондарына қарсы ойнаймыз.
– Футбол – бұл мереке, және де ойын өте жақсы болады. Әрине, үйде ойнау әрдайым қосымша артықшылық береді, және кім жеңетінін асыға күтемін!