logo

«Трактордың» бұрынғы директоры: «Барыста» ресейлік бапкерлер жұмыс істеуі керек

«Трактордың» бұрынғы директоры: «Барыста» ресейлік бапкерлер жұмыс істеуі керек

Хоккей сарапшысы, «Трактордың» бұрынғы директоры Андрей Баландин «Барыс» клубындағы жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Қазақстандағы хоккейді кеңестік және ресейлік мамандар көтерген. Сондықтан менің ойымша, онда біздің бапкерлер жұмыс істеуі керек. Әрине, қазақ мамандарымен бірлесе жұмыс істеуі қажет. Бірақ әзірге олар кімнің жұмыс істеуі керектігін шеше алмай жатыр. Бәлкім, хоккейдегі билік үшін күрес жүріп жатқан шығар.

«Барыс» — беделді команда, және жанкүйерлер жақсы хоккейге үйреніп қалды. Сондықтан барлығы нәтиже күтеді. Биыл меніңше, клубтың селекциялық жұмысы сәтсіз болды. Соңғы сәтте олар басқа командаларға қажет болмаған Антон Бурдасов пен басқа ойыншыларды келісімшартқа отырғызды», — дейді Баландин.

«Барыс» ҚХЛ-дің тұрақты чемпионатында 18 матчта тоғыз ұпай жинап, Шығыс конференциясы мен жалпы лига кестесінде соңғы орында тұр.