«Барыстың» жаңа капитаны Кирилл Панюков: Командадағы әрбір адам оған қандай жауапкершілік жүктелетінін түсінеді
Минскілік «Динамо» командасының қақпасына жеңіс шайбасын лақтырған «Барыстың» жаңа капитаны Кирилл Панюков Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында өткен ойын туралы айтып кетті.
— Жеңген әрқашан жақсы. Эмоциялар жағымды. Мұндай командалармен жекпе-жектерде басым болу қажет, оларды қарымта шабуылдарда ұстауға тырысу маңызды. Біз талдау жасадық, ойынды бөлшектедік, сол себепті жеңісті жұлып алдық. Келесі ойынға дайындықты бастап кеттік. Сондай-ақ өз аймағында шыдамдылық пен жинақталып ойнау қажет. Бүгін көптеген соққыларды тостық, қорғаушылар жарады. Бояра (Никита Бояркин — қақпашы) командаға көмегін тигізді, бұл үшін оған көп рахмет! Осындай эпизодтардың арқасында командаластар энергия мен қосымша мотивацияға ие болады.
— Сіздің қос Әлихан — Әсетов пен Өмірбеков — үштігіңіз ерекше нәтижелі болды. Бұның сыры неде?
— Біз көп сөйлесеміз. Әр ауысымнан кейін біз ненің дұрыс, ненің бұрыс болғанын талқылауға тырысамыз. Жалпы, тек матчтар немесе жаттығулар кезінде ғана емес. Осыған байланысты өзара түсіністік пайда болады.
— Соңғы бірнеше матчта шыққан капитандық мәртебе сізге жауапкершілікті арттыра ма?
— Әрине. Бірақ мен жай ғана ойыншы ретінде мұз айдынында барін дәлелдеуім керек. Мен күн сайын жұмыс істеуім қажет, әр матчта, әр ауысымда жұмыс істеуім керек. Ең бастысы — командаға пайдалы болу.
— Легионерлер кеткеннен кейін қазақстандық жігіттердің жүктемесі айтарлықтай өсті. Олар қайта құру кезеңін қабылдады ма? Нәтиженің маңыздылығын бәрі түсіне ме?
— Менің ойымша, командадағы әрбір адам оған қандай жауапкершілік жүктелетінін түсінеді. Әркім өзіне түскен жауапкершілікті көтеріп, мұзда жақсы жұмыс істеуге тырысуы керек. Бәрі ойдағыдай болады. Біздің командада қарапайым адамдар ойнайды. Тек өзіңізге және бір-біріңізге сену керек, осының арқасында бәрі жақсы болады.