«Барыс» хоккей клубы тағы 3 легионермен келісімшартын тоқтатты
Елордалық «Барыс» хоккей клубы қорғаушылар Натан Больё мен Уилл Бутчер, сондай-ақ шабуылшы Майкл Маклаудпен келісімшартын үзгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл шешім клуб тарапынан қабылданды. Келісімшартты бұзғаны үшін «Барыс» хоккей клубы 3 легионерге өтемақы төлейді.
«Барыс» ойыншыларға клубта өткізген уақыты үшін алғыс білдіріп, болашақ мансабында сәттілік тілейді», - делінген клубтың мәлімдемесінде.
Айта кетейік, осы үш ойыншы да жазда «Барыс» құрамына қосылған болатын. Натан Больё ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 8 ойын өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Уилл Бутчер 15 ойында 3 пас берсе, ал Майкл Маклауд 16 кездесу өткізіп, 6 (3+3) ұпай жинаған.