logo

«Трабзонспор» бомбардирсіз, бірақ Теккемен бірге Стоиловтың командасына қарсы ойнайды. «Трабзонспор» - «Гезтепе» матчының тікелей эфирі

«Трабзонспор» бомбардирсіз, бірақ Теккемен бірге Стоиловтың командасына қарсы ойнайды. «Трабзонспор» - «Гезтепе» матчының тікелей эфирі

29-тур аясында «Трабзонспор» өз алаңында «Гезтепені» қабылдайды. Маусым барысында екінші рет бапкер ауыстырып, бас жаттықтырушы қызметіне Фатих Текке келгеннен кейін, команда «Башакшехирді» ойсырата жеңді. Ал ұлттық құрамалар арасындағы үзілісте ойыншылар Түркия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Теккенің тактикасын толық түсінуге мүмкіндік алды.  

Алайда «Гезтепемен» ойын алдында «Трабзонспор» үшін басты проблема — Суперлиганың үздік сұрмергендерінің бірі, команда бомбардирі Симон Банзаның дисквалификациясы.  

Ал «Гезтепеге» келер болсақ, клубпен келісімшартын ұзартқан Станимир Стоилов командасын қайтадан жеңісті жолға қайтаруға тырысуда. Маусымның басты сенсацияларының бірі болған «Гезтепе» соңғы 10 матчтың тек үшеуінде ғана жеңіске жетіп, ұзақ уақыт бойы табан тіреген еурокубоктар аймағынан шегінді.  

Текке мен Стоилов арасындағы тактикалық шайқаста кім жеңіске жететінін 29 наурыз күні сағат 18:00–де білетін боламыз.  

Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі
1 г. 2 м. 24 д. 11 ч. 48 м. 50.914 с.