logo

«Тобыл» жастар құрамасының қақпашысына көз тікті

«Тобыл» жастар құрамасының қақпашысына көз тікті

«Жеңіс» қақпашысы Әлішер Сүлеймен «Тобыл» командасына ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қостанайлықтар басшылығы Сүлейменмен келіссөздер жүргізді. Жас қақпашы «сары-жасыл» құрамында мансабын жалғастыруға қарсы емес.

Енді «Тобыл» басшылығы Әлішердің өнер көрсететін «Жеңіс» клубының басшылығымен келіссөздер жүргізуі қажет.

Қазіргі маусымда Сүлеймен елордалық клубтың негізгі құрамында алаңға шыққан жоқ, бірақ «Жеңістің» жастар командасы сапында Екінші лигада 9 матч өткізді.