«Жеңіс» ФНЛ клубынан қазақстандықты жалға алды
Ресейлік «Черноморец» қазақстандық жартылай қорғаушы Давид Есімбековтың елордалық «Жеңіске» ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Черноморец» пен «Жеңіс» клубтары жартылай қорғаушының маусым соңына дейін жалға алынғаны туралы келісімге келді.
Айта кетейік, «Жеңіс» 13 матчтан кейін 9 ұпаймен Қазақстан Премьер-Лигасының турнир кестесінде соңғы орындардың бірін, яғни 12-орынды иеленіп отыр.