Дмитрий Парфенов қызметінен босатылмақ
Ресейлік маман Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Менің ақпаратым бойынша, келесі аптада Дмитрий Парфенов «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылады. Команданы жоғары ықтималдықпен посткеңестік кеңістіктен шыққан басқа маман басқарады, оны Парфеновтің жерлесі деуге болады», – деп жазады журналист Александр Троицкий.