logo

Зоран Тошич Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

Зоран Тошич Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

«Тобылдың» бұрынғы футболшысы Зоран Тошич жаңа клуб іздеуі туралы және кәсіби мансабын аяқтау мүмкіндігі туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әрине, мен мансабымды жалғастыру туралы ойлаймын, бірақ бәрі ұсыныстар мен командаға байланысты. Қазір мен Сербиядамын, жеке дайындалып жатырмын, команда қызықты болса, мансабымды жалғастырамын, ал егер қызық болмаса, келесі қадамды ойлаймыз. Қазір маған ұсыныстар бар, бірақ мен әлі анықталмадым. Бұл Грекия, Сербия, Қазақстан, бірақ мені қанағаттандыратын ұсыныстар әлі жоқ. Менде дедлайн жоқ, трансферлік терезе ашық, сондықтан асықпаймын. Менің денсаулығым жақсы, ойнауға деген ынтам бар, бірақ тек мен және отбасым үшін қызықты команда болса ғана».

Айта кетейік, Тошич 2010 жылдың шілде айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін ЦСКА-да ойнады. Осы уақыт ішінде серб ойыншысы мәскеуліктер үшін барлық турнирлерде 239 матч өткізіп, 47 гол соғып, 41 нәтижелі пас берген.

Сонымен қатар, 37 жастағы серб өз мансабында «Партизан», «Манчестер Юнайтед», «Кельн», қытайлық «Тайчжоу Юаньда» және «Тобыл» сапында да ойнады.



Күн шежіресі