«Тобыл» болгариялық ойыншыны қатарына қосады
28 жастағы жартылай қорғаушы Радослав Цонев «Тобылға» ауысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Болгария құрамасының сапында 3 кездесу өткізген футболшы жақын арада Қазақстан Кубогының қазіргі иегерін толықтырады.
Цонев «Левскийдің» түлегі. 2016-2020 жылдар аралығында ол итальяндық клубтарда ойнады, олардың ішінде қазіргі уақытта А Сериясында өнер көрсететін «Лечче» ең танымалы болып саналады.
Ойыншы өткен маусымды «Арда» сапында өткізді, аталмыш клуб үшін 22 ойын өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.