logo

Донецкілік «Шахтердің» түлегі «Елімайға» ауысуы мүмкін

Донецкілік «Шахтердің» түлегі «Елімайға» ауысуы мүмкін

25-жасар украиналық Юрий Мате «Елімайдың» қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорғаушы семейлік клубта қаралымда жүр.

Юрий – «Шахтер» Донецк клубының түлегі. Бұған дейін ол өзінің туған клубы мен «Оболоньның» құрамында ойнаған. Украиндық соңғы екі маусымды латвиялық «Лиепияда» болып, аталмыш команда үшін 44 ойын өткізіп, үш гол соқты.