logo

Ахмед Эль-Мессауди «Тобылмен» келісімшартқа отырды

Ахмед Эль-Мессауди «Тобылмен» келісімшартқа отырды

Марокколық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди жаңа маусымда қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды SPORT PLUS QAZAQSTAN.

Ахмед Бельгияда дүниеге келген және «Льерс» клубының түлегі. 2015 жылы футболшы бельгиялық «Стандарт» клубына жалға берілді. 2016 жылдың басында Эль-Мессауди «Мехеленге» ауысты. Бір жылдан кейін клуб ойыншының трансферін сатып алды.

«Тобылға» ауысқанға дейін Ахмед Эль-Мессауди «Фортуна», «Гронинген», «Эммен» (барлығы – Нидерланды) және «Газиантеп» (Түркия) сынды клубтарды өнер көрсетті.

Эль-Мессауди Бельгияның әртүрлі жастағы жастар құрамаларында ойнады. 2015 жылы Ахмед тарихи отаны үшін ойнауға шешім қабылдады. Уругвай құрамасына қарсы жолдастық кездесуде Эль-Мессауди Марокко құрамасының сапында дебют жасады.