Белорусиялық қорғаушы «Тобыл» сапынан кетті
28 жасар белорус қорғаушысы Павел Забелин қостанайлық «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Футболшы Қазақстан Премьер-лигасында он матч өткізіп, бір гол соқты. Қостанайлықтармен бірге Қазақстан кубогының иегері атанды.
Белорус Конференция лигасының іріктеу кезеңінде сегіз ойында алаңға шықты.