logo

«Тараздың» бас бапкері команданың нәтижесі жайында айтты

«Тараздың» бас бапкері команданың нәтижесі жайында айтты

«Тараз» командасының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев команданың қазіргі жағдайы жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Лидерлерден 3 ұпайға қалыс қалсақ та, бір ойынымыз артық.  Осы аптада командада Бірінші лигада үзіліс бар. Қарсыластар ұпай алуы мүмкін.  Қазіргі уақытта ТОП-4 клубтардан бөлек «Ұлытаудың» да Премьер-лигаға өту мүмкіндігі бар. Менің ойымша, «Каспи», «Хан-Тәңірі», «Жетісай», «Оқжетпес» және «Ұлытау» өзара екі жолдаманы сарапқа салады.

Жас ойыншылардың тұрақсыз болуы біздің нәтижемізге әсер етеді деп ойлаймын. Команда енді бастап, аяққа тұруда. Шыны керек, ұпай жоғалтты дегеннен бұрын, қарсыласқа сай ойнадық деуге болады.



Күн шежіресі