«Ордабасы» Беларусь қақпашысын қатарына қосты
Жазғы трансферлік маусымда «Ордабасы» сапына беларусьтік Сергей Игнатович қосып отыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталған қақпашы осыған дейін Беларусь лигасында ойнаған. Ол Силигоркінің «Шахтер» клубында 5 ойын өткізіп, 10 рет гол жіберген. Сонымен бірге, «Ислочь», «Минск», «Динамо Брест», «Динамо Минск» сапында ойнады.
Бұдан бөлек, Беларусь ұлттық құрамасының сапында 9 ойынға қатысқан.
Өткен жылы ел чемпионы атанған шымкенттік «Ордабасы» биылғы маусымда Еуропа чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.
Клуб 10 шілде күні Молдованың «Петрокубын» өз алаңында қабылдаса, қарымта ойынды 17 шілдеде өткізеді.