logo

«Қайрат» Валерий Громыкомен келісімшартқа отырды

«Қайрат» Валерий Громыкомен келісімшартқа отырды

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Беларусь құрамасының 27-жасар жартылай қорғаушысы Валерий Громыкомен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Клубтың мәліметіне сәйкес, келісімшарт мерзімі 2025 жылғы маусымның соңына дейін. Валерий өз мансабын 2015 жылы «Минск» клубында бастаған. Сонымен қатар, солигорлық «Шахтер» мен тулалық «Арсенал», БАТЭ, мәскеулік «Торпедо» клубтарында ойнаған. Өз елінің чемпионатында жеңіске жеткен.

Осы жылдың сәуір айынан қызылордалық «Қайсарында» өнер көрсеткен шетелдік ойыншы 11 матчта 5 гол соққан және қазіргі уақытты үздік бомбардирлер тізімінде көш бастап тұр.