Шымкентте чемпиондық белбеу үшін айқас өтеді. «Alash Pride» турнирлерінің тікелей эфирі
28 қазанда Шымкент қаласында «Alash Pride» лигасының турнирлері өтеді.
Кешкі бағдарламаның басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Мурад Абдурахманов пен ресейлік Иван Грачев өзара күш сынасады.
Сондай-ақ турнирде Дастан Амангелді, Георгий Майсурадзе, Еламан Шертаев, Сұлтанбек Оразмамат уулу және басқа да файтерлер өнер көрсетеді.
Кешкі жекпе-жектер бағдарламасы сағат 18:00–де басталады.
Күндізгі бағдарлама сағат 13:00–де басталады.
Екі турнирді де Sport+ Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.