«Жеңіс» Грузия чемпионатының жеңімпазын қатарына қосты
Грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая енді елорадалық «Жеңіс» клубының сапында ойнайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Георгий өз мансабын 2011 жылы кутаисилік «Торпедо» командасында бастаған. Грузияның жоғары дивизионы мен Кубогында 260 аса матч өткізген. 86 гол соғып, 33 нәтижелі пас берген.
Өткен маусымда ақтаулық «Каспий» құрамында 14 матч өткізген. Еншісінде 6 гол, 3 нәтижелі пас.