«Бетис» пен «Валенсия» Испания кубогында сынға түседі: матчтардың тікелей эфирі
Футболдан Испания кубогы біртіндеп қарқын алып келеді. Турнирдің алғашқы кезеңінде Ла Лига клубтары мен елдің төменгі дивизиондарында өнер көрсететін командалар өзара күш сынасады.
Sport+ арнасында Испания кубогының екі кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі:
«Навалькарнеро» — «Бетис»
«Тавернес-де-Вальдигна» — «Валенсия»
Қос кездесу де 28 қазаннан 29 қазанға қараған түні Астана уақытымен сағат 01:00–де басталады.
Матчтардың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.