Шыңғыс Есенамановтың мерейтойлық матчы
Футзалдан Қазақстан құрамасының Қырғызстан командасымен кездесуі (3:2) Шыңғыс Есенамановтың ұлттық құрама жейдесіндегі жүзінші матчы ретінде тіркелді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan KazFootball.kz сілтеме жасай отырып.
Шыңғыс Есенаманов Қазақстан құрамасының сапында 2009 жылдың 19 ақпанынан бастап ойнайды. Алғашқы матч Дублинде өткен Англия құрамасымен кездесу еді (5:2).
Осылайша Қырғызстанмен ойын (3:2) Есенаманов үшін мерейтойлық матчқа айналды - Ұлттық құрама сапындағы 100-ші ойын. Ол Дінмұхамед Сүлейменовтен кейінгі осы көрсеткішге қол жеткізген екінші ойыншы. Осы аралықта Есенаманов 29 рет гол соққан және он рет команданы капитан ретінде бастап шыққан. Евро-2016 қола жүлдегері, Евро-2018 жартылай финалисті және Евро-2022, әлем чемпионаты 2016 қатысушысы, 2021 әлем чемпиоанытынң жартылай финалисті.