Серікжан Мужиков үздік бомбардир қатарына қосылды
«Жетісу» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтың «Атырау» (1:0) қақпасына соққан голы бұл аяқдопшы үшін Қазақстан Премьер-лигасындағы 38-ші голы ретінде тіркелді деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan KazFootball.kz сілтеме жасай отырып.
Дәл осы көрсеткіш - 38 гол еліміздің Премьер-лигасының үздік жүз бомбардирі тізіміне енуге себеп болып отыр. Өз голдарын Серікжан Мужиков «Астана» – 16 доп, 121 матч, «Тобол» - 9 доп, 71 матч және «Жетісу» – 13 доп, 132 матч сапында соққан. Сонымен қатар, бұл ойыншы «Қайсар» құрамында 17 ойын өткізген. Барлығы Қазақстан Премьер-лигасында 341 матч ойнап шыққан.