Сергей Политевич: бас бапкермен тіл табыса алмадық
«Қайраттың» экс-қорғаушысы Сергей Политевич алматылық клубтағы күндер жайында және бұрынғы бапкер Алексей Шпилевскиймен қарым-қатынасы жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қайратқа» ауысуыма орыстілді орта мен жақсы жағдай себеп болды. ,Маған ұсынылған келісім шарт 3,5 жылға еді. Маған қала да, командада жасалған жағдай да ұнады. Бір жарым маусымды жақсы өткіздім, алда әлі екі жылым бар еді. Бірақ президентке (Қайрат Боранбаевқа, ред.) барып кеткім келетінін айттым. Шпилевскийдің кесірінен кеттім бе? Ол себептердің бірі ғана. Өзімді жайсыз сезіндім. Ойыннан ләззат алғым келді. Бапкермен дұрыс қарым қатынас құра алмадық, сондықтан командадағы атмосфераны бұзбау үшін кетуді жөн санадым. Бір күні Шпилевский қазақстандық ойыншыларға бірнәрсе айтып, ұлттық құрамаға сөз тигізді. Сол жағдайдан кейін командадағы жігіттер оған ренжіді», - деді Политевич «На банке» Youtube-арнасына